Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Сызбалар, есептер, ситуациялар



1.Windows ОЖ, ДК-нің сыртқы құрылғылары, антивирус туралы теориялық материалды қайталау.

2. Doctor Web программасын жүктеу. Doctor Web программасын іске қосу үшін Пуск>>Программы>>Doctor Web>> DRWEB әдісін қолдану.

3. Файлдарды сканерлеу.

Doctor Web іске қосылғаннан бастап жедел жадыны вирусқа тексеру басталады. Esc пернесінің көмегімен жедел жадыны сканерлеуді тоқтатуға болады.

Жадыны сканерлеуден кейін Doctor Web программасы қосымша антивирустық базаларды автоматты түрде іске қосады.

Файлдарды сканерлеу Тест>>Тестирование ( F10 пернесі) жүйелік мәзірі арқылы басталады. Пайда болған сұқбат терезесінде тестілеу жолын таңдап, ОК пернесін басамыз.

3.1. “DrWeb” бумасын вирусқа тексеру. Ол үшін F10 пернесін басып, жүйелік мәзір арқылы Тест>>Тестирование жолын таңдаймыз. Сұқбаттық терезеде “C:\DrWeb” тереміз, Ok пернесін басамыз. Кейде үлкен көлемді файлдары бар бумалар сканерленген жағдайда вирусқа сканерлеу әрекеті көп уақытты алады. Сондықтан файлдарды вирусқа сканерлеуде алдымен файлдардың сканерленетін типтерін анықтау қажет. Кейбір файлдарды сканерлеуден өткізбеуге болады. Себебі, суреттерден, аудио-немесе видео-клиптерден тұратын файлдарда вирустар болмауы мүмкін

3.2. Windows бумасын вирусқа тексеру. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10 пернесін басамыз. Жүйелік менюден Настройки>>Файлы таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде Тестировать тобындағы Программы жалаушасын қондырамыз, ОК пернесін басамыз. Жүйелік меню арқылы Тест>>Тестирование таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде “C:\Windows” тереміз, Ok пернесін басамыз.

Тексерілетін файлдар саны көп болғанда файлдарды әрі қарай талдау және өңдеу үшін сканерлеу нәтижесін файлдық есеп беру түрінде сақтаған пайдалы. Doctor Web программасы қолданушыға ыңғайлы түрде есеп беруді қарастырады.

3.3. С: дискісін вирусқа тексеру және тексеру нәтижесін “report.txt” файлға енгізу. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10 пернесін басамыз. Жүйелік менюден Настройки>>Интерфейс таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде Дополнительные параметры тобындағы “Ok для чистых файлов” жалаушасын қондырамыз, ОК пернесін басамыз. Жүйелік меню арқылы Настройки>>Файлы таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде Имя файла отчета жолға есеп беру файлының атын - “C:\report.txt” енгіземіз, Ok пернесін басамыз.

Жүйелік менюден Тест>>Тестирование таңдап, сұқбаттық терезеде “C:\” теріп, Ok пернесін басамыз. Сканерлеу соңында Doctor Web-тен шықпай түрып есеп беру файлын қарауға болады.

3.4. С: дискісін вирусқа тексеру және тексеру нәтижесін “report.txt” файлға енгізгеннен соң есеп беру файлының мазмұнын қарау. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10 пернесін басамыз. Жүйелік менюден Тест>>Файл отчета таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде есеп беру файлының мазмұнын қараймыз және Esc пернесін басамыз.

4. Windows ОЖ, ДК-нің сыртқы құрылғылары, архивтеу программалары туралы теориялық материалды қайталау.

5. WinRAR программасын іске қосу. WinRAR дұрыс қондырылған жағдайда оны іске қосу бірнеше жолдармен орындалады. Ең қарапайым түрі: тапсырмалар тақтасы арқылы ПУСК>>Программы>>WinRAR>>WinRAR командасы орындалады (суретті қара).

WinRAR жүктелгеннен кейін мына терезе пайда болады:

WinRAR –дың жұмыс терезесі мынадай элементтерден тұрады.

· Негізгі меню (жүйелік).

· Құрал-саймандар тақтасы (батырма).

· Ағымдағы диск, жұмыс директория жолы.

· Директория терезесі.

· Вертикаль және горизонталь айналым жолақтары.

· Статус жолдары.

6 .WinRAR-да мәліметтерді архивтеу. Ол үшін файлдар тобын бір архивтік файлға жинақтау қажет. Файлдар тобы үшін «ABBA» тобының белгілі өлеңдері фонограммаларының жинағы алынсын. Тапсырманы орындау үшін:

а) WinRAR -ды іске қосамыз.

б) Ағымдағы фонограмманың директориясын анықтаймыз:

· F ile>>Browse to folder

Пайда болған терезеденMidi директориясын таңдаймыз

· Пайда болған терезеде Shift және басқару курсорының пернелерінің көмегімен архивтелетін файлдарды ерекшелеу қажет.

· Құрал-саймандар тақтасында Add пернесін басу керек:

 

· Пайда болған сұқбат терезесінде архивтік файлдың атын енгіземіз (ABBA) және ОК пернесін басамыз.

 

Нәтижесінде WinRAR  программасы “abba.rar” архивтік файлын құрады. Бұл файлды “Midi” директориясынан табуға болады.

Алғашында архивтік файлға енгізер алдында 146кб орынды файл архивтелгеннен кейін бар болғаны 39кб орын алатындығын атап көрсетуге болады.

 

 7.WinRAR-да архивтелген мәліметтерді архивтен шығару. WinRAR архивтелген файлдарды қайта орнына ағымдағы директорияға немесе басқа директорияларға да шығара алады. Өткен тапсырмадағы архивтелген “abba.rar” файлын архивтен шығарып кез-келген директорияға орналастыру керек болсын. Ол үшін мынадай әрекеттерді жасау керек:

· «Midi» директориясынан abba.rar”файлын тауып, ерекшелейміз.

· Құрал-саймандар тақтасынан Extract to пернесін басамыз.

· Пайда болған сұқбат терезесінен архивтен шыққан файл баратын директорияның атын (мысалы, «Temp») енгіземіз.

Егер мұндай директория жоқ болған жағдайда WinRAR осындай атпен директорияны автоматты түрде құрады. Осындай әрекеттер нәтижесінде “abba.rar” файлы архивтен шығып, “Temp” директориясына орналасады.

8. WinRAR-да архивтермен жұмыс жасау командалары: Protect, Lock, SFX (бұл командалар құрал-саймандар тақтасына шығарылған). Protect  командасы архивтелген файлдарды тосын бүліну жағдайларынан қорғайды. Бұл команда орындалғанда WinRAR архивтелген файлға қорғаныш жазуын енгізеді.

8 .1. “abba.rar” файлының жұмысы тосын тоқтап қалудан қорғау керек. Ол үшін мынадай іс-әрекеттер орындалады:

· “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет шертеміз.

· Құрал-саймандар панелінде Protect батырмасын басамыз. Сонда

“abba.rar” файлының көлемі шамалы ұлғайып, тосын тоқтап қалудан қорғалады.

8 .2. Lock командасы архивтелген файлдардағы ақпараттардың бүлінуінен, жойылып кетуінен қорғайды.

“abba.rar” файлындағы ақпараттың өзгеріске ұшырауынан сақтау үшін мына әрекеттер орындалады:

· “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет шертеміз.

· Құрал-саймандар панелінде Lock батырмасын басамыз. Енді 

“abba.rar” файлындағы ақпаратты өшіру әрекетін жасап. Тексеруге болады.

8 .3. SFX (Self File Extraction) командасы архивтелген файлды өздігінен архивтен шыға алатын SFX.EXE файлына айналдырады. Бұл команда WinRAR  компьютерде қондырылмаған жағдайда архивтелген файлды архивтен шығару үшін орындалады.

“abba.rar” файлын SFX файлына айналдырайық. Ол үшін мына әрекеттер орындалады.

· “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет шертеміз.

· Құрал-саймандар панелінде SFX батырмасын басамыз. Енді 

“Midi” директориясында екі бірдей архив “abba.rar” және “abba.exe” орналасады. “abba.exe” архиві өздігінен архивтен шыға алады. Проводник көмегімен “abba.exe”  файлын кез-келген бумаға орналастырып, орындауға жіберу керек. Ал “abba.rar” архивтен шығу үшін WinRAR керек.

Глоссарий

Антивирус - вирустарды тауып, олардың кері әсерін (зақымын) жоятын программа.

Антивирустік бағдарлама – компьютердің вирустармен зақымдануын қорғайтын және вирустың іс-әрекетін тоқтатуға арналған.

Вирус – арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама, ол өзінен-өзі басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі, сондай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа әрекеттерді істеуі мүмкін. Олар файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадыдағы бос орындарды жайлап алады. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады.

Вирус «елес» – ішіндегі кодының бірде бір тұрақты бөлігі жоқ вирус (шифрлау кезінде әр түрлі мүмкіндіктер (кілт) қолданылады).

Вирус «көрінбейтін» – DOS-тың зақымдалған файлдарға және диск аймағына арналған командасын өзіне қарататын вирус.

Вирус «черви» - копьютердің жедел жадында өзін көбейте бастайды. Бірден компьютердің жұмысын жайлатады, тіпті компьютер жұмысын сал етеді.

Вирус желідегі – компьютерлік желі бойымен тарайтын вирус.

Архив - әдетте, көлемдерін кішірейту мақсатында сығылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиынтығы.

Архиваторлар - WINARJ – дара жұмысқа арналған архиватор.

                         WINRAR - көп мақсатты жұмысқа арналған архиватор.

                         WINZIP - кәсіпшілік жұмысқа арналған стандартты архиватор .

Архиваторлар  – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп, сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы.

Архивтен алу - архивтелген файлдарды бастапқы күйіне келтіру процесі.

Архивтеу - файлды немесе файлдар тобын тығыздап қысу, сығу процесі.

Архивтеуші программа - тығыздап қысу арқылы файл көлемін кішірейтетін программа.

Архивтік файл – тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдардың архивтелген көшірмесі.

Әдебиеттер: [1], [14], [15], [16], [21], [22], [23], [24]


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ А ҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

                                                    Факультет физика-математика

                                                                                                                                                                  Кафедра Информатика және ЕТ                                                                                                              

                                                                                                                                 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

                                                                                                                                                                                                                                    

                                                                                                                                                    

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5В020700-Аударма ісі, 5В021000- Шетел филологиясы

 

мамандықтарының

1 курс  студенттеріне арналған

 

«Информатика» пәні бойынша лабораториялық сабақтарға

әдістемелік нұсқаулық

 

 

     




Орындаушы(лар)

 

т.ғ.к., аға оқытушы_____ _______________ ____Аман К.П.____

           (қызметі, бөлімі)                         (қолы)                            (аты-жөні)

« ___ » _______________ 2015 ж.

аға оқытушы_____ _______________ ____Утесова Г.И.___

           (қызметі, бөлімі)                         (қолы)                            (аты-жөні)

« ___ » _______________ 2015 ж.

 

_______оқытушы_______ ______________ ____Ильясова Т.Ж.__

           (қызметі, бөлімі)                      (қолы)                               (аты-жөні)

 « ___ » _______________ 2015 ж.

 

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № __  “__” _______________ 20 _  ж.

 

Кафедра меңгерушісі

___ ф.-м.ғ.к., доцент ____ __________ ____ Сарсимбаева С.М. __

(дәрежесі, атағы/лауазымы)             (қолы)                 (аты-жөні)

 

АЛҒЫ СӨЗ

Информатика оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде информатика өте үлкен қарқынмен динамикалық даму үстінде . Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жие өзгерістерге ұшырайтын ғылыми пән болып саналады.

Информатика жалпы білімдік пән және міндетті компонент болып табылады. Студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқытуға; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игертуге; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игертуге бағытталған.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері: информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерімен таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсініктер беру; студенттерге алгоритмдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

 

Әдістемелік нұсқау келесі мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді:

- дайындық бағыттарына сәйкес мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын арттыру;

- ғылым, техника және өндірістің жетістіктерін есепке алып, оқу пәнін оқып-үйренуді ұйымдастыру және мазмұнын жүйелеу;

- білім беру процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсарту;

- студенттердің білімін бақылау мен оқу жұмысын өзбетінше тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;

- оқу материалын меңгертуде студенттерге әдістемелік көмек көрсету;

- педагогикалық шеберлігін жетілдіруде оқытушыларға көмек көрсету. 


№ 1 лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Стильдер және графикамен жұмыс. Құжатты рәсімдеуде кадрлар және иллюстрацияларды қолдану. Форматтау және редакторлау.

Сабақтың мақсаты: Windows ОЖ-де MS Word редакторының көмегімен кестелер жасауды және оларды қалай форматтау керектігін үйрету. Векторлық және растрлық графика ұғымдарымен танысу, кескінді құжатқа қою және редакторлеуді үйрену. Формулар редакторын қолдану.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, MS Word программасы бар орта, Word тексттік редакторында кадрлар және иллюстрацияларды қолдану туралы мағлұматтар.

Жұмыс орындау тәртібі және мазмұны

Тапсырма 1. Құжатқа әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер қою.

Word редакторында текстік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуболады.

Программалардың бір-бірімен мәлімет алмасуы үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолдану. Яғни, Office программаларының бірінде жасалған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізу.

Байланысқан объектіні — сол объект тұрған файлда сақтау. Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объектінің автоматты түрде өзгеруі.

1. Өз бумаңызда жаңа құжат құрыңыз.Құжаттың аты «Сурет».

2. Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру(Вставка) қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет(Рисунок) батырмасын басыңыз, Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.

3. Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Клип батырмасын таңдаңыз, терезенің оң жақ шетінде клип терезесі пайда болады.

4. Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.

а) Клип терезесінің Іздеу(Искать) ұяшығына Знание кілттік сөзін жазып Баста(Начать) батырмасын басыңыз.

б) Ұнаған суретті таңдаңыз. Құжатта орналасқан суретке тышқан меңзерін апарып оң жақ батырманы басу арқылы ашылған контекстік менюден Изменение рисунка командасын таңдау арқылы бейнелерді бөліп алуға болады.

5. Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе, Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).

6. Құжаттқа суреттерді кірістіру үшін курсорды құжаттың қажет жеріне орналастырыңыз, суретке бір рет шертіңіз немесе сіз кескінге нұсқағышты алып келіп, оның оң жақ бөлігіндегі бағыттауышқа шертіп және Кірістіру командасын таңдаңыз.

7. Файлға кескінді кірістірмес бұрын, оны үлкейтілген өлшемде көріп және параметрлерін оқып білуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

а. таңдаған суретке тышқанның нұсқағышын алып барыңыз;

б. кескінің оң жағындағы бағыттауышқа шертіңіз, Көру және қасиет(Просмотр и свойства) пунктін таңдаңыз.

8. Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім (Работа с рисунком – Формат) деген жаңа қосымша пайда болады. Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

9. Суреттің түсін Өзгерту тобындағы Басқа түске бояу батырмасының көмегімен баптауға болады.

10. Суреттердің Стилі тобы кескіндерді безендіруге кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады. Суретті жылдам безендіру үшін Қосымша параметрлер батырмасын шерту арқылы Жылдам→стилдер менюін ашыңыз. Бұл менюде ерекше көп таралған әсерлердің (эффект) аздаған жиыны ұсынылады, мысалы, виньеткалар қосу, әр түрлі пішіндегі жақтауларды қосу, көлемді 3D- суреттің әсері, кескін және т.б.

11. Сурет шекарасы(Граница рисунка) батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады. Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз. Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады

12. Векторлық кескіндер құру үшін бағдарламада күрделі фигуралар кітапханасы орналасқан. Қатынау үшін Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрация тобының Фигуралар батырмасына басу керек

Тапсырма 2. Фигураларды қолданып сурет салу.

1. Көрсетілген үлгіде сурет салыңыз.

2. Тақырыбын жазыңыз.

3.Вставка→Фигуры командасынан суретті салыңыз. Салынған суретке ерекшелеу, көшіру, айналдыру, бөлу амалдарын орындауға болады.

5. Суреттің әр бір элементтін Сtrl пернесін басып отырып тышқан курсорымен ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын таңдау арқылы ашылған менюден Групперовка→Группировать командасын таңдаңыз.

6. Топталған суретті көшіріп орналастырыңыз.

7. Суретті үлгідегідей айналдырып қойыңыз.

8. Барлық салынған сурет элементтерін топтаңыз.

 

 


                                              

 

 

Тапсырма 3. WordArt көмегімен хабарландыру жарнамасын құру.

        

1. Бос абзацты ортаға қарай туралау.

Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Мәтін тобындағы WordArt батырмасын шертіңіз. WordArt менюінде объетінің түрін таңдаңыз.

2. WordArt мәтінін өзгерту диалогтық терезесінде жазу мәтінін енгізіңіз, сонымен қатар қаріптің пішінін, кегльін және гарнитурасын таңдаңыз.

3. WordArt объектілерімен жұмыс- Пішім қосымшасын пайдаланып бұл жазуды редактілей аласыз. Хабарлама мәтінін теру.

4. Текст рамкасын орнату (сызықсыз және бояусыз)

5. Маркер кнопкасын қос

6. Текстің әр жолы жаңа абзацтан басталсын.

7. Қалауыңызша маркер формасын өзгертіңіз.

8. Телефон номерін теріңіз (көлденең бағытталған)

9. Телефон аппаратын бейнелейтін символды орнатыңыз (Кірістіру(Вставка)→Символ→Басқа символдар(другие символы...→Қаріп түрін (wingdinds) таңдап→телефон символын белгілеп→ Кірістіру(Вставка).

10. Берілген символдың өлшемін үлкейтіңіз

11. Телефон номерлері жазылған “бахроманы” құрыңыз.

12. Бір жолдан және қажет ұяшықтар санынан тұратын кесте құрыңыз.

13. Ұяшықтың біріне курсорды қойып, телефон номерін теріңіз, шрифт өлшемін және төменнен жоғарыға бағытталған стильді беріңіз.

Ұяшық ішіне курсорды қойып тышқанның оң жағын таңдап ашылған сұқпат терезеден Мәтінді бағыттау(Направление текста...) командасын таңдаңыз.

14. Телефон номерін көшіріп алып, қалған ұяшықтарға қойыңыз.

15. Қажет болса, эмблема орналастырыңыз.

 


ÿА, В, С категориялары

ÿОқыту ВАЗ-07, 09, 099, 10

автомобилдерінде жүргізіледі

ÿСтуденттерге 10% жеңілдік

( 12-34-56

12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары   12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары 12-34-56 Жүргізушілер курстары



Блиц-тест

1. Фигуралық текстті жазу үшін мынаны қолданады:


a) Word панелін;

b) Надпись панелін;

c) Карандаш сайманын;

d) WordArt панелін;

e) Заливка сайманын.


2. Алдын ала қарау батырмасы не үшін қажет?

a) құжат құрылымын қарау үшін, яғни осы құжаттың тараулар, параграфтар және т.с.с. тақырыптарын қарау үшін;

b) баспадан шығарғанда қандай түрде болатынын көру үшін;

c) құжаттың парақтар санын қару үшін;

d) құжатты баспадан шығару үшін;

e) құжатты автоформаттау үшін.

3. Экранға сурет салу панелін шығару үшін мына командаларды орындау керек:

a) Вставка/Параметры страницы;

b) Вид/Панели инструментов/Рисование;

c) Вставка/Иллюстрации;

d) Файл/Панели инструментов/Рисование;

e) Вид/Панели инструментов/Границы и заливка.

 

Бақылау сұрақтары

1. Құжатқа әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер қою.

2. Сурет элементтері қалай топтастырылады.

3. WordArt мүмкіндігі.

 



Глоссарий

Графикалық редактор – графикалық ақпаратты енгізу және редакциялау программасы.

Графиксызғыш немесе плоттер – сызуларды қағазға басатын құрылғы.

Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық.

Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған.

Векторлық графика қисықтар геометриясына негізделген кескінді кодпен жазу түрін ұсынады. Векторлық графиканың негізгі түсінігі қисық болып табылады.

Home және End – тексттің басына және соңына апаруға мүмкіндік береді.

WordArt - фигуралық мәтін кірістіру.

Пиксель - экрандағы графикалық бейнелеудің ең кіші элементі (нүктесі).

Лабораториялық жұмыстың орындалу есебінің формасы

Есепте мына тапсырмалар болуы керек.

1. Жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды ДК-де орындап, сақтау.

2. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалардың орындалу реттерін түсіндіре білу және электрондық түрін көрсету.

Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]

№2 лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Power Point программасының көмегімен презентация даярлау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді Power Point программасының атқаратын қызметімен, мүмкіншілігімен және жұмыс жасау режимімен таныстыру, студенттерге өзбетінше жұмысты орындату.

Материалдар және құралдар: ДК, Power Point программасы, практикалық жұмысқа әдістемелік нұсқау.

 

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны

Power Point-презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп айталады.

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация, дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен қатар, мультимедияның басқада мүмкіндіктерін пайдаланады. Компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология мультимедиа деп аталады. Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа құралдарды пайдалану керек.

Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

1. Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:1) Power Point-ты іске қосу; Файл –Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режиміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) құрылым режиміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режиміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Показ слайдов командасын орындау. 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.

2. Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:

3. Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу;

4. Вставка – Мультимедиа бөлімінен звук немесе видео  командасын беру;

5. Мына әрекеттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла тапсырмасын беріп, қажетті файлды табу;

6. Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.

7. Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов – настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша қайталау керек.

8. Слайд көрсетудің үш әдісі бар:

9. Слайдтарды толық экранда бейнелеу;

10. Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;

11. Слайдтарды автоматты түрде толық экранда көрсету. Ол көбнесе көрмелік стендте, жиналыста пайдаланылады.

Тапсырма: Төмендегі тақырыптарға сәйкес құттықтау презентациясын құрыңыз (нұсқа бойынша):

1. 1-қыркүйек – Білім күні!

2. Ұстаздар күні!

3. Тәуелсіздік күні!

4. Қарттар күні!

5. Жаңа жыл!

6. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні!

7. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

8. Жеңіс күні!

9. Қазақстан халықтарының бірлік күні!

10. Балаларды қорғау күні!

Блиц-тест

1. Power Point-тың атқаратын қызметі қандай?

a) Презентацияға арналған және көрсететін бағдарлама;

b) Сурет салуға арналған бағдарлама;

c) Презентация жасауға және көрсетуге арналған бағдарлама;

d) Слайдтар жасайтын бағдарлама;

e) Презентация көрсетуге арналған бағдарлама.

2. Power Point-ты қалай жүктейміз?

a) Мой компьтер →диск с →Программы → Power Point;

b) Программы → Power Point;

c) Пуск → Power Point;

d) Пуск → Программы →Стандартные→ Power Point;

e) Пуск → Программы →Power Point.

3. Презентация дегеніміз не?

a) Слайдтар және тиісті қосымша материалдар;

b) Белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар;

c) Белгілі бір тақырыптарға слайд және тиісті қосымша материал;

d) Жинақталған слайдтар тізімі;

e) Қосымша материалдар тізімі.

4. Дайын слайдтарды қалай көруге болады?

a) Показ - показ слайдов;

b) Показ слайдов – показ;

c) Показ слайдов –слайд;

d) Слайд - показ слайдов;

e) Показ – показ рисунков.

5. Слайдқа басқару батырмаларын қандай команда көмегімен қоюға болады?

a) Вставка – символ;

b) Показ слайдов – кнопки;

c) Вставка – управляющие кнопки;

d) Вставка –слайд - управляющие кнопки;

e) Показ слайдов – управляющие кнопки;

 

Бақылау сұрақтары:

1. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?

2. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады, қандай қызмет атқарады?

3. Презентация деген не?

4. Автомазмұн шебері көмегімен презентация қалай құрылады?

5. Бос презентация қалай құрылады?

6. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

7. Бір режимнен басқа режимге меню командаларының көмегімен қалай көшуге болады? Батырмалар көмегімен ше?

8. Power Point программасы терезесінің стандартты элементтерін және олардың орналасу ретін атаңыз?

9. Саймандар тақтасы не үшін қажет? Оларды көрсетпей экраннан алып тастауға болама?

10. Саймандар тақтасының орындарын өзгертуге бола ма?

Глоссарий

Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.

Презентация деп бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдарды айтамыз.

Power Point- презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған.

Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

Автомазмұн шебері – жаңа презентацияны, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құруға мүмкіншілік береді.

Бос презентация – ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза презентацияны айтамыз.

Мультимедиа деп - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.

 

Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]

№3 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Excel –де кестелермен мәліметтер қоймасы ретінде жұмыс жасау.

Жұмыстың мақсаты: берілгендер қоймасы арқылы тізімдермен, кестелермен жұмыс жасап үйрену, практикалық ізденіс дағдысын меңгеру, берілгендерді қайта өңдеу мен сұрыптау.

Сабақтың жабдықталуы: компьютер, программалық жабдықтау–Excel кестелік процессоры.

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны

Microsoft Excel программаларындағы кестелер мәліметтер қоймасы режимінде жұмыс жасауға ыңғайлы. Әрине, оның мүмкіндіктері мамандандырылған мәліметтер қоймасымен тең емес, бірақ мүмкіндіктердің өзі жеткілікті шамада. Мәліметтер қоймасы түрінде тізім (кесте) қолдануға болады. Берілгендермен қарапайым операциялар орындаған кезде мысалы берілгендерді іздегенде, сұрыптағанда немесе қайта өңдегенде тізімдер автоматты түрде берілгендер қоймасы ретінде көрініс табады. Төмендегі келтірілген элементтер тізімі берілгендерді ұйымдастыру кезінде есептеледі.

v Тізім бағаны мәліметтер қоймасының өрісіне айналады;

v Баған басы мәліметтер қоймасының атауына айналады

v Әрбір тізімнің жолы мәліметтер жазбасында бейнеленеді

Excel-де функциялар жиыны болады. Ол тізімдегі берілгендерді қайта өңдеуді және талдауды жеңілдетеді. Бұл функцияларды қолдану үшін төменде көрсетілген ұсыныстарды сәйкесінше берілгендер тізіміне енгізу керек.

Тізімнің орналасуы мен өлшемі. Бетке бір тізімнен артық орналастыруға болмайды. Өйткені көптеген функциялардығ қайта өңдеу тізімі, мысалы фильтрлер бірнеше тізімді қайта өңдеуге мүмкіндігі жоқ

Тізім және басқа да берілгендер беті арасында кем дегенде бір бос жол және бір бос баған тастап кету керек. Ол Excel-дегі фильтрдің орналасуын немесе немесе автоматты түрде мәндердің қорытындылауын тез табуға және сұрыптауды орындағанда тізімді ерекшелеуге көмектеседі.

Тізімнің өзінде бос жол және баған болмауы керек. Ол тізімнің ерекшеленуі мен идентификациялануын қысқартады.

Аса қажетті берілгендерді тізімнің сол немесе оң жақ шетіне енгізу қажет емес, филтрді қолданғаннан кейін олар жасырынды түрде болуы мүмкін.

Баған басы. Бағанның басы тізімнің бірінші бағанында орналасуы керек. Олар Excel-дегі берілгендердңғ есебін құруда, іздеуде және ұйымдастыруда қолданылады.

Баған басында енгізілген шрифт, тегістеу,форматтау, топтау, шекара және жолдық әріптердің форматы берілген жолдардаға енгізілген форматтан ерекшеленуі тиіс.

Тақырыптың бөлінуі үшін төменде орналасқан ішінен бос жолдарды емес, ұяшықтың шекарасын қолдану керек.

Жолдар мен бағаналардың мазмұны. Тізім барлық жолдардың барлық бағандарда берілген біртекті болуы ұйымдастырылуы керек. Берілген ұяшықтардың алдында бос орын қалдыруға болмайды, себебі олар сұрыпауға әсер етеді. Берілгендердің бірінші жолы мен басы арасында бос жол енгізуге болмайды.

Електен өткізу беттегі бір ғана тізім үшін қолдану мүмкін

1) електен өтетін тізімдегі ұяшықты көрсет

2) «Данные» – «Фильтр» пуктін содан кейін автофильтр командасын орындаңыз

3) Белгілі–бір мағынаны қамтитын жолдарды електен өткізу үшін бағанадағы бағыт көрсетілген батырманы басыңыз.

4) Тізімдегі мәнді таңдаңыз.

5) Басқа бағанадағы мәндерге қосымша шектеулер енгізу үшін 3 және 4-ші қадамын қайтала.

Тізімде бір бағанда екі түрлі мәнде електен өткізу немесе теңдіктегі жоғары дәрежедегі салыстыру операторын қолдану үшін бағыт көрсетілген батырманы басып «Условие» пунктін басу керек.

Ескерту:

1) Егер берілгендер бағанада бір-бірлеп електен өткізілсе, онда басқа баған үшін фильтрді қолдану фильтрленген тізімде көрініс табатын мағыналарда ұсыныс жасалады.

2) Автофильтр командасының көмегімен қатарға екі шартқа дейін қоюға болады. Егер 3 немесе одан да көп шарт қою қажет болса және жазуларды басқа жерге көшіруге немесе есептелген мәннің негізінде берілгендерді таңдап алу керек болса, онда Расширенный фильтр-ді қолданыңыз.

Мәліметтер қорына ақпараттар енгізу тәсілдері:

ü кестеге ақпараттарды қарапайым түрде енгізу;

ü Данные•Форма меню командасы арқылы мәліметтерді ензізу.

Афтофильтр тек белгілі бір мәннен тұратын жолды экранға шығаруға мүмкіндік береді.

ПРОМЕЖУТОЧНЫЕ.ИТОГИ математикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 400; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.26 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь